«Ертегі Үндістан» шақырады

606
шымкенттік қыз келіншектерді зергерлік бұйымдар қатты қызығушылық туғызды
көрмеге келушілер көп
шымкенттік қыз-келіншектерді зергерлік бұйымдар қатты қызығушылық туғызды

Үндістаннан базарлық. Шымкентте «Ертегі Үндістан» атты сауда көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы үнді  шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік бұйымдар мен табиғи өнімнен жасалған тауардың сан түрін сатып ала аласыз. Үнді мәдениетінің иісі аңқып тұр мұнда. Ұлы Жібек жолы бойындағы шығыс базарына тап болғандай әсерде қаласыз. Облыстық көркемсурет галереясында өтіп жатқан үнді тауарларының сауда көрмесіне 20-дан астам өндірушінің өнімі қойылған.

Саксена Навин, ұйымдастырушы: «Біз бұл жолы жаз маусымына сай келер киім кешек, зергерлік бұйымдар мен бал мен шайымызды алып келдік. Айттың қарсаңында да мұсылман қауымға ұсынарымыз да аз емес. Келгендер өкінбесі анық. Қайта аз уақыт ішінде үнді тауарларына тәнті болыңыздар деймін».

Сауда көрменің бірінші күні ақ халық көп жиналды. Үндістаннан келген қонақтар базарлықты да барынша ыждахатпен дайындап келіпті. Емдік косметика, бапталған бал, хош иісті шай, кезкелген талғамға сай келетін маталар мен киімдер… Сондай ақ нағыз табиғи тастардан жасалған әшекейлер мен бағалы зергерлік бұйымдар…  Мұнда сондай ақ 25 бағалы зат ойнатылатын ұтыс өткізіледі. Бұл үшін тек арнайы купонды толтыруыңыз қажет. Ұтыс ойындары 10-шы және 11-ші тамызда өтеді. Үндістаннан әкелінген заттарды облыстық көркемсурет галереясында 12-ші тамызға дейін сатып ала аласыз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D8b4CpB6wqg[/youtube]