«Оңтүстік Рабат» газетінің кезекті жаңа 33-нөмірі жарық көрді. Оқырманның сұрауы бойынша көптеген тақырыптар қамтылған бұл нөмірдің де айтары аз емес.
Дегенмен қыркүйектің 1-інде 3 жасқа толатын басылымды әлі де болса ауыл-аймақта ала алмай отырған оқырман бары қынжылтады. «Жазылайық десек пошташы» жоқ деген ауыл тұрғындарының базынасын тиісті мекеме басшыларына жеткізіп-ақ бағудамыз.
Алайда, жазыламын деген оқырманды ақпарат көзімен қамту түгілі, жазылған оқырмандарымызға газетті уақтылы жеткізу ісі ақсап жатқан тұста «Қазпошта» АҚ-ның біздің Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмысын әл-әзір жаңдандыру мүмкін болмай отыр.
Оған дәлел редакциямсызға хабарласып, «Екінші жарты жылдықтың бірде-бір газетін алмадым» деп арызданушы азаматтардың сөзі дәлел бола алады.
Десек те, «Оңтүстік Рабат» газетін Шымкент қаласындағы кез-келген газет сату дүңгіршектерінен таба аласыз. Ал Сіз тұратын ауыл, елдімекен, шағынаудан маңында дүкен, сауда нүктесі, базар болатын болса, бізге, редакцияға 53-54-17 нөмірі арқылы хабар беруіңізге болады. Редакцияның газет тарату ісімен айналысатын мамандар сіз айтқан сауда нүктесіне барып, келісім жасап, сізге ыңғайлы болу үшін газетті сол орында сату ісін ұйымдастыруға ұйытқы болмақ, оқырман! Ең бастысы біз сізден, сіз бізден көз жазысып қалмайық!