Полицейлер пошта жөнелтілімдерін тексеруде

60

 Қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері ұдайы түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.

 «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер кезекті іс-шараны Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында жүргізді.
 Аталған мекеменің цехінде Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.
Атап өту қажет, тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі мен Шымкент қаласы Полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.