Күйеу баласын өлтірген қайын аға сотталды

337
Күйеу баласын өлтірген азамат 9 жылға сотталған

 

Күйеу баласын өлтірген азамат 9 жылға сотталған
Күйеу баласын өлтірген азамат 9 жылға сотталған

Күйеу баласын өлтірді деп айыпталған қайын ағаға қатысты үкім шығарылды. Бұл 2013 жылдың үшінші сәуірі күні Сарыағаш ауданында болған оқиға. Жәбірленуші мен әйелінің арасында дау туындаған соң, жұбайы төркініне кетіп қалған. Арада біраз уақыт өткеннен кейін күйеу бала әйелін алып кетуге келген кезде үйден қайын аға шығады. Содан екі арада ерегіс туындап, ашуға берілген сотталушы әлгі жігітті темірмен сабап тастайды.

Тергеуде күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталған. Ол Қазақстанда 2009 жылдан бері тұрып келген. 34 жастағы сезікті азаматтың ісі ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Әбсаттар ШАХИДИНОВ, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: «Қолына темір кесіндісін алып оны жерге ұрып құлатып, басынан бірнеше рет ұрып тастаған. Нәтижесінде алған дене жарақты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. Осы әрекеті үшін сот оны ҚР ҚК-96 бабымен кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=JZ6J49ci72w[/youtube]