Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген

 

Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген
Облыс бойынша бүгінге дейін 260 адамды кене тістеген

Қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысы уақытша тоқтатылды. Кесте бойынша мамандар бұл шараны жылдағыдай тамыздың біріне бастаған болатын. Енді ол шара 25-тамызда жалғасады. Оған себеп — ауа райына байланысты кененің көбейетін уақытының кешеуілдеінде.

Биылғы жылы мамандар зянкес жәндіктің көбеюі тамыздың екінші жартысынан кейін қарқын алатынын айтады. Бір қуанарлығы ағымдағы жылда Оңтүстікте қырым қанды қызбасымен ауырғандар тіркелмеді. Дегенмен, кене шаққан 4 мың тұрғын дәрігерге қаралған.

 Базарбек Омаров: «Кененің жүріп тұруы, яғни личинкадан кенеге айналу мерзімі тап осы тамыз айының соңында болады деген мамандардың болжамы бар. Сол себепті де біз залалсыздандыру жұмыстарын кейінге қалдырдық».