Биылғы қыста кентаулықтар бүрсең қақпайды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сала басшыларымен қаладағы №5-ші жылу орталығыныда болып, мұндағы дайындықты тексерді. Кеншілер қаласының әкімінен бастап орталықтың жетекшілері «қазандықтар да жүйелер де сақадай сай»,- деп есеп берді.
Билік алдында Кентаудағы №5 жылуэнергорталығының басшысы көктемнен бастап атқарылып жатқан жұмыстарды баяндауда. Проблема- қатты отында еді . жергілікті атқамінерлердің айтуынша, ол да шешімін тауыпты.
«Жылу орталығының қуат көздері алдағы маусымға дайын»,- дейді бірауыздан қала әкімі мен орталық басшысы. Осындай есеп былтыр да берілген болатын. Алайда дәл қыстың ортасында сақадай-сай орталықтың қазандықтары жарылып, кентаулықтар бүрсең қаққаны бар.
Сол кезде кентаулықтардың жан айқайы бүкіл республикаға естіліп еді. Тұрғындарды жылумен қамтамассыз ету жұмысын ұйымдастыра алмаған қала әкімі Нұржігіт Қалмұрзаев қызметімен қоштасты. Жағдайды реттеуге облыс әкімі мәжбүр болған.
Осындай жағдай қайталанбас үшін жылу беру маусымына Кентаудың дайындығы қала активімен өткен жиында кезекті рет пысықталды. Хаттамадағы тапсырмалардың орындалу сапасы алдағы қыста айқындалады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Dz_yvEdG8sY[/youtube]