Конкурмен шұғылданамын деушілерді ұлттық спорт түрлері мектебі арнайы шақырады

Конкурдың спорт түрі ретінде оңтүстікте ашылғанына талай жылдың жүзі болды. Бүгінде ел жарыстарында, тіпті Әлем чемпионатында ептілігін сынға салып жүрген жерлестеріміз жетерлік. Ақылтеке тұқымды сәйгүліктердің де қатары көбейіп қалған.

Конкурмен шұғылданамын деушілерді ұлттық спорт түрлері мектебі арнайы шақырады
Конкурмен шұғылданамын деушілерді ұлттық спорт түрлері мектебі арнайы шақырады

Жыл сайын жаңа оқу жылы алдында спорттың бұл түріне қабылдау науқаны басталады. Биыл да ұлттық спорт түрлері мектебінде арнайы сынақ өтеді.

Тамыздың 25-не 10-16 жас аралағындағы жеткіншектер конкур спорт түрімен кәсіби тұрғыда шұғылдануға мүмкіндік алады. Сағат таңғы 10 -00-де мектеп бапкерлері бұрыннан жаттығып келе жатқан конкуршылардың ептілігін сынға салып, конкурмен шұғылданамын деушілерді қабылдайды.