Конституция күні кімге керек?

М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Дархан Сабырханов
М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Дархан Сабырханов

Осыдан 18 жыл бұрын 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. Бұл күн – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп бекітіліп, мемлекеттік маңызы бар мереке ретінде тойланып келеді. Адам құқығы мен бостандығының кепілі болатын Ата Заңымыздың қабылданған күні әрбір қазақстандық үшін үлкен маңызға ие.

Атаулы мерекеге орай ОҚМУ ғимаратында ОҚО Әділет департаменті мен аталған университеттің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткен болатын. Арнайы шақырту алған «Отырар TV» телеарнасының түсірілім тобын М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың проректоры Дархан Сабырханов БАҚ туралы заңды елемей, күшпен қуып шықпақ болды. Конституция күнін дәріптеп жатқанда, адамның конституциялық құқығына нұқсан келтірген проректордың бұл қылығын түсінбедік.

Мемлекеттік мекеменің босағасында тұрып, өзінің жеке меншігіндей сөйлеген Дархан Сабырхановтың БАҚ туралы заңнан хабары болмаса керек. Осы уақытқа дейін аталған оқу орнының талай жетістігі мен студенттерінің жеңісін телеарна арқылы бұқара қауымға үлгі етіп көрсетіп келгенімізді қаперіне де ілмегені өкінішті-ақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KCQPUfWssQI[/youtube]