«Отырар» телеарнасы сүйікті көрермендеріне сыйлықтар ұсынды

195

«Отырар» телеарнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап алты сағаттық тікелей эфир өткізді. Мерекелік эфирде жүргізушілер жалпы сомасы 3 млн. теңгені құрайтын сыйлықтарды, арнаның сүйікті көрермендеріне тарту етті. Тікелей эфир барысында жүлде иегерлерлерін, студияға келген мереке қонақтары мен қала тұрғындары құттықтады.

Сәні мен салтанаты келіскен бұл мерекнлік эфир, әріптестерміздің бір ай жасаған дайындығының нәтижесі. Сценарийді әзірлеу, сыйлықтар тарату және бастысы мереке ұзақ уақыт есте қалатындай етіп жасау! Яғни, осы күн, қарапайым күндерден ерекше саналатындықтан барынша дайындықты қажет етті. Сонымен, таңертеңгі сағат 11:00, жүргізушілер эфирге сақадай сай тұр.

Әйгерім Жұмақұлова, «Otyrar» медиахолдингінің директоры: «Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, Түркістан облысының түрғындары бірінші кезекте баршаңызды бүгінгі еліміздің басты мерекесімен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Аспанымыз әрқашан жарқын болсын, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Осы отыз жыл ішінде жеткен жетістігіміз осымен тоқтамай, ары қарай жалғастыра берейік. Сіз бен біздің арқамызда осындай түрлі жетістікке жете берейік. Біз бүгін сіздер үшін түрлі -түрлі сыйлықтар дайындадық, біздің «Отырармен» бірге болыңыздар. Тікелей эфирге хабарласыңыздар, сұрақтар Тәуелсіздікке байланысты, хабарласып жеңімпаз атанып, келіп сыйлықтарыңызды алып кетіңіздер. Бізбен бірге болыңыздар!».

Мерекелік эфир біздің әріптестеріміздің қолдауынсыз өтпес еді. «Гранд Отель Шымкент», «Громад» сауда желісі, «Гарант Тур» туристік компониясы, «Караван-Сарай» қонақ үйі, «Төлем» компаниясы, «Спарта джим» және «Олимпиа фитнес» клубтары, Қажымұқан стадионы, «Блинчик» дәмханасы, «Mind Technology», «Изуми» сауда желісі , «Атлант» сауда үйі мен «Ладушки» аспаздық- кондитерлік желісі.

Тікелей эфирде кір жуғыш мәшине, теледидар, Түркістан шаһарына саяхаттауға тегін жолдама сынды бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Мерекелік эфирде арнамыздың бұдан алдынғы жасаған бейнесюжет кейіпкерлері де қонақта болды. Олар көрермендерді мерекемен құттықтап, телеарнаға ерекше алғысын білдірді. Осындай кейіпкерлердің бірі – Нұртілеу Жаналиев. Біздің бұл азамат жайлы жасаған материалымыз, бүкіл елге тараған еді.

Нұртілеу Жаналиев: «Біз туралы материал шыққаннан кейін бізге жүздеген қоңыраулар түсіп, үй сатып алдық. Рахмет, жауап берген қазақстандықтарға рахмет. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Мереке құтты болсын».

Эфир барысында бүкіл Қазақстанға танымал шымкенттік өнерпаздар мен бишілер де өнер көрсетті.

Айта кетейік, «Отырар» телеарнасы мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Себебі бірлігі жарасқан біздің ұжым, халықтың ынта-ықыласына бөленіп, көрерменнің жүрегіне тікелей эфирлер арқылы жол таба білетін жалғыз команда.

Қымбатты көрермен біздің әрбір эфирімізге сізде кейіпкер бола алатыныңызды ұмытпағайсыз. Себебі, біз үшін әрібір көрермен маңызды.

Аида Қарсыбайқызы