Жанар Сманова, мүгедек қыздың анасы

 

Жанар Сманова, мүгедек қыздың анасы
Жанар Сманова, мүгедек қыздың анасы

Әл-Фараби аудандық сотында мүгедек баланың анасына қатысты кезекті сот отырысы өтті. Еске салар болсақ, «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу» орталығы Жанар Смановадан 400 мың теңгені өндіру туралы сотқа арызданған еді. Өйткені ол жарымжан баласы балалар үйінде жүрген уақытта да перзентіне тағайындалған жәрдемақыны алып келген. Ал, заңда бала мемлекеттік орында тәрбиеленіп жатқанда өзге адам оның жәрдемақысын пайдалануға болмайтындығын айтылған.

Ал, 12 жасар Сабина Кузнецованың анасы ай сайынғы 12 мың теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді тек мүгедек қызына ғана жұмсағандығын айтып шырылдайды. Айтуынша, құлағының мүкісі бар жеткіншекке қажет арнайы есту құралының өзі екі мың доллар тұрады екен. Киім-кешекке кететін шығынды қоспағанның өзінде. «Интернат мұның бәрін қадағалап әпере бермейді» дейді ашынған ана. Әртүрлі жағдаймен сот отырысы осымен үшінші рет кейінге қалдырып отыр.

СНХ: Жанар Сманова. Сот отырысы жалғасып жатыр. Әр кезде кейінге қалдырып отыр. Ал мен қызымды Алматыдағы оңалту орнына жеделдетіп апаруым қажет. Қызым қиналатын болды.