Мақтаның машақатынан арылып, бақша егіп, байыңыз

Алма бауын баптайтын шаруа қожалығы Мақтаралда, әзірге, біреу
Алма бауын баптайтын шаруа қожалығы Мақтаралда, әзірге, біреу
Алма бауын баптайтын шаруа қожалығы Мақтаралда, әзірге, біреу

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Мырзашөлдің шаруаларын кәсіптің өзге түрін игеруге шақырды. Олай деуге негіз бар. Өйткені, ақ алтынмен аты шыққан ауданда ағынсу мәселесі жылдан-жылға өзекті тақырыпқа айналып барады. Әрі одан түсетін пайда да көңіл көншітпейді.

Мақтаралдық кәсіпкер алма егіп, пайдаға қарық болып жүр. Ол алма бақтың әр гектарынан 50 мың доллар табыс табады. Ал оны баптауға жіберетін шығыны көп емес.

Қаршыға Ақтөреева, «Қаршыға» фермерлік қожалығының төрайымы: «Бір осындай талда кемінде 65 алмаға дейін болды. Бірақ біз оны үзіп тастап отырмыз. Себебі, біз алдымен жапырақтарын көбейтіп алу керекпіз. Себебі, алмаға келешекте күн түспеу керек та».

Мақтаралда 94 мың гектарға ақ алтын егілген. Соның қазір басым бөлігі судан тапшылық көріп отыр. Жеміс-жидек еккен кәсіпкердің ісі әкімнің көңілінен шықса керек, мақтаның машақатынан арыла алмай отырған Мырзашөлдік шаруаларды бау-бақша егуге шақырды.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Мақтаралда мақтадан басқа өнімді егуге болмайды деп кім айтты?! Неге біз мақта деп қатып қалдық?! Мақтаның машақаты шекемізге тиіп, оған су жеткізе алмау мәселесіне көзіміз жетсе, неге дақыл түріне ауыспасқа?! Өйткені, дария суының проблемасы таяу уақытта шешілетін іс емес. Ол мемлекеттер дәрежесіндегі мәселе. Сондықтан да біздер бау-бақшаның көлемін арттырып, ағын су проблемасын артқы планға жіберуіміз керек. Мұнан бөлек, ауданда игерілмей жатқан 1,5 гектардай жер бар. Неге соны әр ауыл әкіміне 100 гектардан бөліп бермейміз?! Олар сол жердің нақты жоспарын жасап, не істеу керек, қанша қаржы керек екенін айтса облыс әкімдігі қаражат бөлу ісін шешіп береді ғой. Бағдарлама керек емес. Сана да, ақшасын айт!»

Мырзашөлде 1,5 мың гектар жер бос жатыр
Мырзашөлде 1,5 мың гектар жер бос жатыр

Мақталы өлкеде игерілмеген алқаптар бар. Бақша алқаптарын көбейту үшін осы жерлерді кәдеге жарату керек. Бұл ретте ауыл әкімдері шаруаларды үгіттеп, бос жатқан жерге қажетті қаражаттың көлемін анықтауы тиіс.

Шардараның мақташыларын да Асқар Исабекұлы пайдасы мол іске үгіттеді. Мәселен, былтырғымен салыстырғанда ақ алтынды екі есеге артық алуды жоспарлап отырған мына шаруа қожалығы әр гектардан 4 мың доллардай табыс таппақ. Бақшадан түскен пайдамен салыстыруға келмейді, әрине. Сондықтан да әкім қос ауданның басшыларына бау-бақша егу бойынша нақты жоспар жасауды тапсырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OV2HXJHgmEI[/youtube]