Úı Oqys oqıǵa Мақтааралда 40 тонна мақта өртенді

Мақтааралда 40 тонна мақта өртенді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Ақалтын ауылында 150 шаршы метр алаңда жинаулы тұрған 40 тонна мақта жанды.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жетті. Нәтижесінде 350 шаршы метр алаңдағы  80 тонна мақтаның жануына жол берілмеді.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.