Фотосурет ғаламтордан алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында жанармай тасымалдайтын көлік пен жеңіл машина соғысты. Салдарынан екі көлік те өртеніп, 3 адам зардап шеккен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

22-тамыз күні Түркістан-Қызылорда бағытындағы тасжолдың 23-шақырымында ГАЗ-53 көлігі мен Тойота соғысты. Жол апаты күндізгі сағат 4-тер шамасында Шорнақ ауылы маңында болған. Екі көлік соғысқан соң 4700 литр жанармай жолға төгіліп, 70 шаршы метрге жерге жайылып кетеді. Ірі өртті сөндіру үшін оқиға орнына Түркістан қаласынан 3 өрт сөндіру тобы шұғыл аттанған. Анық болғандай, жанармай таситын көліктің 25 жастағы жүргізушісінің денесінің 90 пайыздан астамы күйіп қалған. Ал Тойота жүргізушісі мен жолаушысының денесін 16 пайыздық күйік шалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZJkyyN8iu5Q[/youtube]

Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазір осы келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын төтенше жағдай департаментінің анықтаушылары тексеріп жатыр.