Úı ANONS Біркөлікте үй аумағында жинаулы тұрған 15 тонна шөп жанып кетті

Біркөлікте үй аумағында жинаулы тұрған 15 тонна шөп жанып кетті

Төлеби ауданы Біркөлік ауылында үй аумағында жинаулы тұрған 90 тонна шөптің 15 тоннасы жанып кетті.

ТЖМ мәліметінше, оқиға кеше 14 қазанда болған. Алдын ала болжам бойынша өрт 275 шаршы метр алаңға жеткен. Шаруашылық құрылысы мен шөп өртенген.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 75 тонна шөпті өрттен сақтап қалып, қызыл жалынның 2000 шаршы метр алаңға таралуының алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.