Оңтүстікте дәрігер де, емхана да тапшы

387
Дәрігер ауылды айтпағанда, қалада да тапшы

Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер тапшы. Халықты сапалы медициналық көмекпен толыққанды қамтамасыз ету үшін бүгінде өңіріміз 127 медицина қызметкеріне мұқтаж. Оның 90-ы — ауылдық жерлердегі емханаларға қажет мамандар. Ауылды айтпағанда, Шымкент қаласында да емхана жеткіліксіз.

Дәрігер ауылды айтпағанда, қалада да тапшы
Дәрігер ауылды айтпағанда, қалада да тапшы

Емхана деген аты болмаса, заты сай емес. Таңертеңнен сабыла күткен кезек. Кесте бойынша не түске дейін, не түстен кейін қабылдайтын дәрігерге бүгін кіре алмаған ертеңге қалады. Бұл – Шымкент қаласындағы №11 емханаға келген жұрттың шағымы.

Ғалия БОРАНБЕК, қала тұрғыны: «Емханада балалар хирургы мен неврапотологы жоқ. Біз ол үшін Сәуле мөлтек ауданына барамыз. Зертханада кезек көп. Бүгін ауырып, емделуге шықсам, келесі аптаға дейді. Келесі аптаға дейін күтем ба сонда? «Басқа жаққа барып, ақылы өтіп келіңіз» дейді».

Жыл өткен сайын халық саны артып келе жатқан Шымкент қаласында емхана тапшы. Әсіресе, балалар дәрігерінің жетіспеуі – алаңдатарлық мәселе. Қазығұрт және Сәуле шағынаудандарындағы отбасылық дәрігерлік амбулатория қайтадан емхана болып құрылды. 4 елдімекенге қызмет көрсететін мекемеде маман тапшылығы көп нәрсеге қолбайлау болып отыр.

Парида ЖӘУТІКОВА, №11 емхананың бас дәрігері: «Көз дәрігері, неврапотолог, балалар неврапотологы, хирург, балалар хирургы, эндокринолог сынды мамандарға сұраныс беріліп отыр. Оның бәрі берілсе, толық емхана бола аламыз».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жалпы облысымыз бойынша 127 маманның жетіспейтіндігін растап отыр. Оның 90-ы – шалғай ауылды жерлерге қажет дәрігерлер.

Ғалымжан ӘБІШ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары: «Жалпы тәжірибелі дәрігерлер және балалар дәрігері, педиатрлар, оның ішінде жеке тараптағы балалар жүйке дәрігері, балалар кардиологы, ал ауылды жерде орналасқан емханаларға неонатологтар мен анестезиологтар, реаниматологтар жетіспей тұр».

Басқармадағылар ендігі жерде учаскелік дәрігерлер мен невропатологтардың жүктемесін көбейтпек. Медицина қызметкерлерін тапшылық сезіліп отырған аудандарға кезең-кезеңімен іссапарға жіберу арқылы мәселені шешу жолдары да қарастырып жатыр. Болашақ жас маман иелерін шақыру да жоспарда бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vOY3qbMFFXc[/youtube]