Облыстың үздік тауар өндірушілері анықталды

355
"Корона" - үздіктердің қатарында
«Корона» – үздіктердің қатарында

«Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік көрме-конкурсына аймақтың 50 кәсіпорны қатысты. Көрмеге азық-түліктен бастап, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрылыс заттары да ұсынылды. Нарықтың үздігі атағын сарапқа салған кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды.

Өңірімізде сабын өндірісінің қолға алынып жатқанын біріміз білсек біріміз білмейміз де. Жергілікті кәсіпкерлерді халыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Alіkas» компаниясы да қатысты.

тауарлар шетелге шығарылып жатыр

Компания бүгінде иіссабынның 10 шақты түрін шығарады. Тауарлар ар­найы технология негізінде жасалады. Ал өнімнің негізгі құрамы табиғи заттардан тұра­­ды. Оны жасауға цитрус сусыны, ешкі сүті, зәйтүн майы, шұбат, тіпті шоколад та пайдаланылады.

Сондай-ақ, Шымкентте медициналық жиһаздар, жоғары технологиялық медициналық жабдықтар шығарылып жатыр. Рентген, УЗИ аппараттары, эндоскопиялық хирургия үшін аса қажетті фидео кешен, операция жасайтын үстелдер, операциялық жарық бергіштер, медициналық «консолдар», электрокардио-графтар, пульсоксиметрлер, сырқаттың мониторлары, залалсыздандыратын жуу аппараттары, биологиялық ламинарлы бокс­тар, ауамен және бумен стери­лиза­ция­лағыштар, тағы басқа толып жатқан керек-жарақтар осы өндірісте шығарыла бастады. Жоғарыда аталған жабдықтардың барлығы Қазақстанда бірінші рет шығары­лып отыр және сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Медициналық жабдықтар республи­камыздағы емдеу-профилактикалық және реабилитациялық мекемелерге, жедел жәрдем ауруханаларына, госпитальдарға, санаторияларға, соның ішінде мүгедек­терге, қарттарға арналған емдеу орындарына, реанимобильдерде қолдануға, тағы басқа мақсаттарға арналып өндірілуде.

Алдағы уақытта облыс басшылығы тауарөндірушілердің шетелдік нарыққа шығуын да қамдастырмақ. Жергілікті билік бүгінде ресейліктермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келесі жылдан бастап аудандарда индустриалдық аймақтардың құрылысы қолға алынбақ. Облыс басшылығы аймақтар арқылы агробизнестің де әлеуетін арттырмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OCFa_QfbSLY[/youtube]