Ордабасылықтар бұл жолыда айыппұл төлейді
Ордабасылықтар бұл жолыда айыппұл төлейді
Ордабасылықтар бұл жолы да айыппұл төлейді

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитеті премьер-лиганың 21-турынан кейін орын алған жанжалға қатысты отырыс өткізді деп хабарлайды vesti.kz. 

Жиын қорытындысы бойынша «Ордабасы» мен «Ақтөбенің» ойыны қаралып,  нәтижесінде тәртіптік-бақылау комитеті «Ордабасы» 400 мың теңге төлейді деген шешім шығарды.

«Тараз» футбол клубына да жанкүйерлердің жағымсыз қылықтары үшін 400 000 теңге айыппұл салынды.

Аталмыш команданың ойыншысы Диакате Абдуллаи қарсыласына қасақана соққы жасағаны үшін үш матчқа дейін алаңға шықпайды.

Ал «Астана» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Коробкин соған ұқсас әрекетінің кесірінен үш жарысқа қатыспайды деп шешті.

Естеріңізге сала кетейік, футбол алаңындағы тәртіпсіздік «Тараз»-«Астана» матчында орын алған еді. Бас төреші Артем Кучин Абдуллаи Диакате («Тараз») мен Валерий Коробкиннің («Астана») атына қызыл «қағаз» енгізді. Оған наразылық танытқан «Тараздың» жанкүйерлері елордалық футболшыларға шөлмек лақтырған болатын.