Қазір ғана сот үкімі оқылды

Парақор полицейлер сотты болды. Шымкент қаласының Әл Фараби аудандық сотында экс-құқық қорғаушылардың үстінен үкім оқылды. 43 жастағы старшина мен екі сержант Шымкенттің көшелерінің бірінде қылмыс жасап тұрған жерінен қолға түскен болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=t9nz4Wc0dKU[/youtube]

Бұл — патрульді полицейлердің қолға түскен сәті. Оларды өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері екі кештің ортасында, пара алып тұрған жерінен ұстады. Бұрынғы полицейлер араққа тойып алған азаматты әкімшілік жазадан құтқарамыз деп, 11 мың теңге пара алған. Бұл — жалғыз осындай әрекет емес, ақшаға құныққандардың белгілі бір ставкасы болыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fXuqsTx2Lxk[/youtube]

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы сол кезде таяқтың бір ұшы парақор полицейлердің жетекшілеріне де тиеді деп нақты айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=o1JB73vTFE4[/youtube]

Енді, міне, ұзақ уақыт жүргізілген тергеу жұмыстары таяуда аяқталып, экс-полицейлердің үстінен үкім оқылды. Үш тәртіп сақшысының үшеуі түрлі мерзімге темір торға қамалып, бұған дейінгі шендерінен айрылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sEGQITeCf7c[/youtube]

Айта кету керек, айыптылардың екіншісі 7 жылға, ал үшіншісі 5 жылға темір торға қамалды. Жазаларын жалпы режимдегі абақтыда өтейтін олар 5 жылға дейін құқық қорғау саласында жұмыс істей алмайды. Және бүгіннен бастап барлық мал-мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленеді.

Қазір ғана сот үкімі оқылды
Қазір ғана сот үкімі оқылды