Жерге қонардың алдын парашютті ағыту керек
Жерге қонардың алдын парашютті ағыту керек

Бадам су қоймасында кәсіби парашютшылар дайындық жұмыстарын өткізді. Олар жергілікті және Қарағанды өңірінен келген спортшылар.

Бұл ұшудың бір ерекшелігі әдеттегідей жазық жерге қону емес, көлге келіп қалықтауы алғашқы сынағы екен. 10 шақты парашютшылар алдағы кезде іздеу-құтқару тобын құрып, жазық далада, тауларда жоғалып кеткен адамдарды іздеп табу жұмыстарымен де айналыспақ.

Сынақ сәтті өтті. Олар ендігі кезде еліміздің көптеген облыстарында болып, осындай спорт түрін дамытамыз деп жоспарлап отыр.   

Көрініс демалушыларға да ұнады
Көрініс демалушыларға да ұнады

Жағажайда демалып жатқандар қуанышын жасыра алмады. Парашютшілер тізіліп, ұшақтап кезек кезек секіріп жатқан болатын. Су жағасына құтқарушылар да келіпті. Қайықтарымен суға қонған спортшыларды жағаға жеткізіп отырды. Ауыр парашют адамды суға батыруы әбден мүмкін. Сондықтан, бұл жолы суға тек кәсіби парашютшілер ғана қонды.

Құтқарушылар суға қонған спортшыға дер кезінде жетуі тиіс
Құтқарушылар суға қонған спортшыға дер кезінде жетуі тиіс
Ұшақ жерден 1 шақырым жерде қалықтады
Ұшақ жерден 1 шақырым биіктікте қалықтады

Парашюттері ауыр оны мезетінде ашып үлгеру керек

Жиналған көрермен дән риза болды
Жиналған көрермен дән риза болды

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2q5w-ENVFL4[/youtube]