Қаламызда ТМД елдерінен ағалып келетін заңсыз мигрант азаматтардың саны мен олардың географиясы да кеңейіп келеді. «Мигрант» арнайы операциясы кезінде тәртіп сақшылары Шымкентке Молдовадан келген келімсектерді анықтады.
8-шағынауданда аталмыш іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері Молдованың бірнеше азаматын ұстады. Олардан түсініктеме алу барысында қаламызға әрқайсысы 7 адамнан тұратын 5 молдован отбасы келгені анықталды.
Тұрғылықты мекен-жайы, арнайы мамандығы жоқ молдова сығандарының қаламызға қандай жұмыс іздеп келгені белгісіз. Сондықтан полиция қызметкерлері қолға түскен заңсыз мигранттардың бармақ іздерін алып, арнайы деректер қорына енгізді.
Абдіразақ Досанов, ОҚО ІІД полиция басқармасының арнайы жеке зводының инспекторы: «Заңсыз келген азаматтарға айыппұл салынып немесе Шымкент қаласы мамандандырылған сотының шешімімен шығарылып жібереді немесе 10 тәулікке қамалады. Жұмыс істеп жатса ісі ҚР ӘҚБК 394 бабымен сотқа жолданып, егерде 1 жылда қайталанса сотқа жіберіледі».
Мамандардың пікірінше, Қазақстанға заңсыз келетін мигранттар санының артуына республикадағы тұрақтылық пен жұмыс табу мүмкіндігі әсер етіп отыр. Айта кетеік, бүгінде қалада тіркелетін пәтер тонау және қалта қағу, алдамшылық және жезөкшелікпен айналысу тәрізді құқық бұзушылық көріністерінің көпшілігі келімсектермен тікелей байланысты болып отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=p1K8nZ_ACJs[/youtube]