Мақтааралда естіген адамның жағасын ұстатар оқиға орын алды. Араққа сылқия тойып алған бір топ еркек өздерінің таныстарын зорлаған. Одан кейін жәбірленушіні соққыға жығып, өлтіріп тастайды. Күні кеше күдіктілердің барлығының қолдарына кісен салынды.

Күдіктілердің бірі қылмыс болған жерде
Күдіктілердің бірі қылмыс болған жерде

Ауыл-аймақтың жағасын ұстатқан қылмысты ашуға жергілікті полицейлермен қоса облыс орталығынан да мамандар жұмылдырылады. Тәртіп сақшылары егіс алаңында жатқан ер кісінің мәйітін тауып алған. Криминалистер дереу күдіктілерді іздеуге кіріседі. Альфа есімді үйретілген ит із қуалап жүріп, жергілікті еңбек биржасына бір-ақ барған. Күдіктер осында табылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=15hJRvK0Nes[/youtube]

Ақшаға құныққан үшеу жәбірленушіні жабылып жүріп жерге құлатады. Киімін шешіп, тығып жүрген ақшасын тауып алған. Адамдықтан азғындар содан кейін жерде жалаңаш жатқан танысын кезекпен зорлауға кірісіпті. Кетіп бара жатып, қансырап жатқан жәбірленушіні өлтіріп тастайды.

Полицейлердің айтуынша, марқұм – отбасы, бала-шағасы бар азамат. Еңбек биржасында жұмыс істеп жүріп, жақында ғана наубайханаға тұрақты жұмысқа орналасыпты. Алайда, алғашқы айлығы өзінің түбіне жетіп тынды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.