Сот талабы орындалмағаны үшін ақшалай өндіріп алу қолданылды

фото istockphoto.com
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап қоюшы Б. жауапкер жеке сот орындаушы А.-ға алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюмен жүгінген.
Сот ұйғарымымен жеке сот орындаушы А., 2025 жылғы 23 сәуірден кешіктірмей талап қоюға пікірін, атқарушылық іс құжаттарының көшірмелерін сотқа жолдауға міндеттелген.
Жеке сот орындаушы А. бірнеше рет алдын-ала сот отырыстарына келмеген, белгіленген мерзімде пікір мен тиісті құжаттарды сотқа ұсынбаған. Жеке сот орындаушы А. сот ұйғарымын кешіктіріп орындап, пікір мен тиісті құжаттарды тек 2025 жылдың 6 мамыры жолдаған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 127-бабының 4-бөлігінің негізінде, жауапкердің әрекетсіздігі әкімшілік істі қарау мерзімін созбалаңға әкелгенінін, сотты және (судьяны) құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттері үшін, сот жеке сот орындаушы А.-ға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 78 640 теңге ақшалай өндіріп алу қолдануға жатады деп есептеді.
Ақшалай өндіріп алуды қолдану әкімшілік органды сот ұйғарымын, лауазым иесін сот талабын орындаудан босатпайды, керісінше сот тапсырмасы орындалмаған жағдайда, үстеме он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Сот актісі заңды күшіне енбеген.