Саяжай күл-қоқыстың ордасына айналып барады

Егерде бозарықтықтар келіссе, қоқыс контейнерлері негізгі көшеге орнатылып, қоқыс аптасына бір рет шығарылатын болады.
Егерде бозарықтықтар келіссе, қоқыс контейнерлері негізгі көшеге орнатылып, қоқыс аптасына бір рет шығарылатын болады.
Егерде бозарықтықтар келіссе, қоқыс контейнерлері негізгі көшеге орнатылып, қоқыс аптасына бір рет шығарылатын болады.

Қаланың іргесінде орналасқан «Бозарық» саяжайының тұрғындары күл-қоқыстан арыла алмай қойдық,- деп дабыл қағуда. Қазір аталған ауылдың шеті шағын қоқыс алаңына айналған. Бір жағынан жағдайдың осылайша қалыптасуына тұрғындардың да қатысы бар.

«Бозарық-2» саяжайына Гүлбаршын Шайманованың қоныстанғанына он жылдан асты. Соңғы жылдары зейнеткер үйінің маңына тазалықты орната алмай әлек. Ауылдың Сайрам ауданымен шекаралас жерін тұратындар қоқыс алаңына айналдырып жіберген.

Гүлбаршын Шайманова: «Үйімнің алды қоқыс. Оны трактормен де жинадық, амалын жасадық. Енді соңғы кезде жинап ауладағы пешке өртеп жүрмін. Өлген итті тастаған, иісі мұрныңды жара жаздайды».

Осыған дейін тұрғындар шұқыр қазып, қоқысты сонда тастап келген. Қалғандары осы күнге дейін тұрмыстық қалдықтарды өзімен бірге ала кетіп, қаладағы контейнерлерге тастап жүр. Ендігі, елдімекенге қоқыс жәшіктерін орнатып, қалдықтар жүйелі шығарылып тұрмаса ауыл экологиялық апаттың алдында тұр.

Мәдіхан, тұрғын: «Адамдар көбейді. Сайрам жерінен учаске беріп жатыр, енді адамдар тұратын болады. Не де болса бізге қоқыс тастайтын жер не оны шығару қажет».

Әл Фараби ауданы әкімдігіндегі жауапты мамандар мұндағы қоқыс мәселесіне қанық. Айтуларынша, жағдайдың осыған жетуіне тұрғындардың да кінәсі бар. Егерде бозарықтықтар келіссе, қоқыс контейнерлері негізгі көшеге орнатылып, қоқыс аптасына бір рет шығарылатын болады.

Марат Тәжібаев, әл Фараби аудандық әкімдігіндегі бөлім меңгерушісі: «Бірнеше рет жиын өткізгенбіз. «Югдорсервис», «ЛТД Тұрмыс» келген. Алайда тұрғындар келісімін бермеді. Коммуналшыларға тиімді емес. Осыған дейін осындай келісім шарт түземін деген коммуналшыларды ешкім қолдамаған мұнда. Енді міне тағы «Реалстат»
серіктестігінің бастығы келіп тұр».

Осы мәселені жұмыла шешуге арналған жиынға келген тұрғындардың басым бөлігі саяжайдың шетіндегі қоқысқа жақын тұратындар. Олар коммуналшылармен келісімге тұруға дайын. Қалғандарын бұл мәселе мазаламайтын сияқты. Тұрғындар түгел келісімге келсе ғана қоқыс шығарылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mWTW6sGHYgU[/youtube]