Шетелден келген қандастарымыз шу шығарды

367
Оралмандар шеруге шықты

Қағазбастылық кесірінен қандастарымыз қиындық көрді. Бүгін шетелден келген қандастарымыз шу шығарды. Олардың талап етіп отырғаны — оралман куәлігі. Айтуларынша, ата мекенге қоныс аударғанын растайтын құжатсыз олар бірде-бір мемлекеттік көмекке қол жеткізе алмай отыр. Бірнеше айдан бері ала алмай, ақыры шыдамы таусылған қандастарымыз Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының алдына жиналды. 

Оралмандар шеруге шықты
Оралмандар шеруге шықты

Қандастарымыз оралман куәлігін алу үшін бірнеше айдан бері күн сайын сабылып шаршаған. Шеруге шығудан өзге амалымыз қалмады деп ашынып отыр. Айтуларынша, еңбектеген бала мен еңкейген қария да таң сәріден қара кешке дейін осы жерді күзетуге мәжбүр. Себебі олар оралман куәлігінсіз жұмысқа кірмек түгелі, зейнетақысын да ала алмайды екен.

Кәмила Атаниязова, оралман: «Баламның кеше аяғы жығылып қалды , аяғы ісіп. Врачқа барайын десек, қарамайды ешкім. Тәуіпке барайын десем де қарамайды ешкім. Бәріне ақша керек. Бізге куәлік беруін сұраймыз, бізге басқа ештеңе керек емес. 2 айдан бері келіп-кетіп жүрміз, күнде осы жерді қарауылдап».

Өзбекстаннан келгендеріне бірнеше айдан асқан қандастарымыз ондағы тіркеуден шығарылған. Енді айтулы мерзім ішінде Қазақстанның азаматы ретінде тіркелмесе, айыппұл төлейді екен.

Гүлжан Сәбитова, оралман, оралман: «Скорый помощь» шақырдым міне, көк паспортты көріп лақтырып тастады. Алмаймын деді, себебі оралман куәлік керек. Куәлігіңіз болмаса бізге келмей-ақ қойыңыз деді».

Құжаттаманың созбалаңға салынуын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы көші-қон полияциясына сілтеп отыр. Айтуларынша, өздеріне сол органның осы құзыреті ауысқанымен, құжаттар кешіктірілуде. Қала берді, халықты әлеуметтік қолдау басқармасының ережесіне тиісті өзгерістер енді ғана енгізіліп жатыр.

Нұржан Нұраш, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы: «Статус оралман мәртебесін

Қандастарымызға оралман куәлігі сәрсенбіден бастап беріледі деп күтиілуде
Қандастарымызға оралман куәлігі сәрсенбіден бастап беріледі деп күтілуде

беру біздің басқарманың құзырында бүгінгі таңжда жоқ. Өйткені ол құзырын беру үшін біз бірінші ережесі, өзгешіліктерді енгізуіміз керек. Сол өзгеріске қазір енгіздік. Юстицияға тапсырдық».

Ал, көші-қон полициясы аталған басқармаға қажет деген құжаттарды жарты жыл бұрын толығымен тапсырып қойған екен.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Үкіметтің қаулысына байланысты оралмандармен жұмысты ұйымдастыру мен құжаттарды дайындау қазіргі таңда жұмыспен қамтуды үйлестіру департаментінің құзырына кіреді. Ішкі істер департаментінен бүкіл құжаттар сонда жолданған. Құжаттардан басқа штаттық бірліктер де жолданған онда».

Арнайы қаулы бойынша шет елден келген қандастарымыздың оралман екенін дәлелдейтін куәлігі құжат тапсырған күннен бастап, 1 апта көлемінде дайын болуы тиіс. Ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы аптаның сәрсенбісінен бастап оралман куәлігі беріледі деп уәде етіп отыр

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2G29JqsJ1zA[/youtube]