Шетелден келген тауарға салықты дер кезінде төлеу керек

339
Еңбекші аудандық салық басқармасы

 

Еңбекші аудандық салық басқармасы
Еңбекші аудандық салық басқармасы

Бұл туралы Еңбекші ауданының салық басқармасы ескертеді. 2010 жылғы 1 шілдеден бастап кеден одағы шеңберінде тауарларды Қазақстан республикасы аумағына Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы аумағынан импорттау кезінде жанама салықтарды әкімшіліктендіру мен өндіруді салық органдары жүргізіп келеді.

Осы орайда импортталған тауарларға жанама салықтарды төлеу орналасқан жері бойынша импортталған тауарларды есепке алған айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей жүргізіледі.

Айман Смайлова, Еңбекші ауданы салық басқармасының бас маманы: «Салық төлеуші импорттаушы декларациямен қоса, салық органына 4 дана тауар әкелу және жанама салықтарды төлеу өтінішін тапсыруға міндетті. Өтінішке тауардың әкелінгенін және жанама салықтар төленгенін растайтын құжат, ілеспе жүк құжаттары, келісім шарттар, шот-фактура құжаттар қоса тіркеледі».