Қалада көші-қон полициясының өкілдері өңірде заңсыз жұмыс істеп жүргендерді анықтау мақсатында арнайы рейд ұйымдастырды. Бұл шара облыс аумағында 13 мен 15-тамыз аралығында жүргізілетін болады. Шараның алғашқы күні тәртіп сақшылары үшін олжасыз болған жоқ.
Көші-қон полициясының қызметкерлері рейд барысында «Нұрсәт» шағынауданында болды. Тексеру барысында 5 шетелдік жұмысшы анықталды. Олар ешқандай рұқсат құжатынсыз тұрғын үй құрылысының жұмыстарына тартылған. Өздерін Өзбекстан азаматымыз деп таныстырған олар, мұнда қаражат табуға келіпті.
Хайтум Махаматов, жұмысшы: «Өзбекстаннан келдік, айналып жүрміз, жәрдем беруге.»
Қолға түскен шетелдік азаматтардың елімізге қандай жолмен келгендігі де анықталатын болады. Заңсыз келген болса, онда оларды әкімшілік жауапкершілік күтіп тұр. Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, шетелден келіп, қара жұмысқа жалданатын өзге елдің жұмысшылары азаяр емес.
Әбдіразақ Досанов: «Нұрсат мөлтекауданында жұмысшылардың төлқұжатын тексеріп, жергілікті аудандық ішкі-істер басқармасының көші-қон полициясына тапсырамыз».
Қазір гастербайтерлер уақытша абақтыда. Олардың жеке тұлғасы анықталған соң ел аумағынан шығарылатын болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qBW5SGVXtyc[/youtube]