жүзумен шұғылдансам деген жеткіншектердің қатары аз емес

Қалалық спорт мектебінің ұжымы еңбек демалысынан оралып, бассейнді қайта іске қосты. Балғындардың қатары өткен жылға қарағанда көбейген дейді мектеп директорының орынбасары. Сол себепті де іріктеу ретінде арнайы турнир ұйымдастырған. Жарыста ептілігін сынға салу үшін жүзден аса бала келіпті.

 жүзумен шұғылдансам деген жеткіншектердің қатары аз емес
Жүзумен шұғылдансам деген жеткіншектердің қатары аз емес

Есен Жорабеков,қалалық спорт мектебі директорының орынбасары:  «Еңбек деламысынан шыға салысымен-ақ балаларды жаттығуға қайта кірісуге шақырдық. Алайда, жүзумен шұғылданамын деушілердің де қатары көбейіпті. Бүгінгі турнирге жүзден аса жеткіншек қатысып отыр. Оның өзі аз емес. Алдағы уақытта бұдан да арта түседі».

Қыркүйек айынан бастап спорт ордасы іріктеу өткізіп, ниет еткен балаларды жаңа оқу жылының тізіміне енгізеді. Содан кейін, осындай турнирлерде олардың шеберлігі шыңдала түседі. Бұл жолғы турнирде жеткіншектер жүзудің үш түрімен сынға түсті. Тек жарыс қашықтығы 25 метрге дейін қысқартылды.