Пандустарға жарымай-ақ қойды

249
Жаяу жүргіншілер жолында да жүре алмайды

 

Жаяу жүргіншілер жолында да жүре алмайды
Жаяу жүргіншілер жолында да жүре алмайды

Шымкент шахарының көшелеріндегі оң жақ бұрылыстар автокөлік иелеріне ыңғайлы болса, ал мүмкіндігі шектеулі жандар өте алмайтын кедергіге тап болуда. Салдарынан көліктермен жол таласып, үреймен жүруге тура келеді. Мұндай жағдайды қаламыздағы 1-топтағы мыңнан аса жан бастан өткеруде.

25 жыл арбаға таңылған жанның түзу көшеде жүруі, құзды таулардан асып өтумен тең. Кедергілердің салдарынан олар кейде жаяу жүргіншілердің жолдарымен де жүре алмайды. «Автокөліктер жүргіншіні өткізбестен, қағып кететін жағдайлар да көп болады, амалсыздан жолдың ережесін бұзуға тура келеді»,- дейді мүмкіндігі шектеулі жан. 

Марат Мұхамеджанов: «Оңай жерлер өте сирек кездеседі да, сондай кезде біз өте қуанамыз да. Мына жерден жүре алады екенбіз, осы жерде жүрсек болады екен деп. Үлкен қуаныш тудырады да бізге, шамалы нәрсенің өзі. Ал өте алмай қалған жағдайда қапа боламыз.))

Шым шахарымыздағы маңызды 36 көшенің қиылысында 60 оң жақ өткел жасалуы жоспарланған. Оның ішіндегі 27 көшенің 42 өткелі біткен. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 

Абай Тұрханов, ТҮКШ ЖН және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Жоқ жерлерде ұйымдастырып жатыр. Ертең қабылдау барысында коммисия шығады. Сол кезде ескертілетін болады тағыда. Пандустар жоқ жерде мердігерлерге айтылатын болады».

Еліміздің Конституциясында мүгедектерге қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқығын тайға таңба басқандай белгіленген. Алайда, пандусы жоқ көріністер заңның кейде ескеріле бермейтінінің айғағы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vfZ5zzQ3rsE[/youtube]