Облыс басшысы Арыс ауданы әкімінің жартыжылдық есебін тыңдауға барған сапарында жеке кәсіпкер Бауыржан Сарбасовтың ұн шығару диірменінде болды. Мұнда тәулігіне 100 тонна бидай өңделіп, 72 тонна ұн шығару мүмкіндігі бар. Наубайхана күніне 3500 дана бөлке шығарып халықты ас атасымен қамтамасыз етіп келеді.
Тәулігіне 72 тонна ұн, 30 тонна кебек шығаратын наубайхананың жұмысы бүгінде қызып тұр. Наубайхана өзін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында солтүстік облыстарда бидай егіп, Арыс қаласына жеткізіп, диірменде өңдеу арқылы тұрғындарға арзандатылған бағада ұн өнімдерін өткізіп келеді.
Бауыржан Сарбасов, Кәсіпорын төрағасы: «Қостанай облысынан өзіміздің Отырар, Шардара аудандарының халқы келіп, ұн, кебекті арзан бағада алып кетіп жатыр».
Кәсіпорын төрағасының айтуы бойынша, әкімшілікпен бірлесе отырып, солтүстік облыстардан Арыс тұрғындарына ұн және көкөніс өнімдерін арзандатылған бағада сату үшін өңірден 4 дүкен ашуды жоспарлап отыр.
Бауыржан Сарбасов, «Келешекте Келешекте макарон цехын салсақ деген ойымыз бар. Қостанайдан бидай әкеліп, халыққа бұдан да арзандатылған бағада нан өнімдерін берсек деген едік».
Бұл мақсатта Қостанай облысынан бидай егуге 2,0 мың гектар егістік жер, бидайды сақтау үшін қойма және тиеу құрал-жабдықтары алынған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=B3uDlkGW7UU[/youtube]