Қазақстан бидай импортына шектеу қоймақшы

47
Облыс жұртшылығы жыл сайын 150 мың тонна бидай тұтынады

Қазақстан бидай импортына шектеу қоймақшы. Астықты шетелден авткөлікпен тасуға тиым салу жоспарланып отыр. Теміржол тасымалына ешқандай бөгет жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты қоғамдық талқылауға шығарды. Шектеу 6 айға созылмақ. Ресми дерек бойынша отандық нарық контрабандадан зардап шегіп отыр. Сырттан әкелінген бидай тиісті салықты төлемей, әрі қарай Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жіберіледі.

Қара нарықта жылына 1,5 – 2 млн тонна өнім саудаланады. Құны шамамен 500 млн доллар. Сонымен қатар бұл ел ішінде астық бағасының екі есе төмендеуіне әкелген. Шаруалар шығынға батып жатыр. Егер шектеу қойылмаса отандық кәсіпкерлер банкротқа ұшырауы мүмкін,- дейді министрлік.