Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жастарды таппай отыр. Әсіресе, «Жастар Практикасына» келмейтіндер көбейген. Орталық қызметкерлері аталған бағдарлама бойынша биылдыққа бөлінген 375 миллион теңгені игере алмай жатыр. Ал бұл кезде шаһардағы «Құл базарында» жұмыс істейтіндер саны артқан.
Жұмыспен қамту орталығындағы күндегі көрініс осындай. Кеше ғана диплом алғандарды жұмыспен қамту шаралары қызу жүріп жатыр. Үкімет осы мақсатқа бйыл 375 млн. теңгедан астам қаржы бөлген. Бірақ бұл қаржы игерілмей қалайын деп тұр. Өйткені жастар практикасына қатысуға көбі құлықсыз.
Жадыра Дәуренбеков, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының әкімшілік бөлімінің басшысы: «Келушілер қанша дегенмен аз. Сондықтан жоспар орындалмай отыр. Қаржы игерілмей жатыр».
Жоспардың орындалуы үшін тағы да 700 дей түлек практика бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылуы тиіс. Ал, олардың келмеу себебі — төленетін 30 мыңдай меңгені бірі мардымсыз десе, бірқатар дипломды жас маман Астана, Алматы асып кетіп жатыр.
Жадыра Дәуренбеков, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының әкімшілік бөлімінің басшысы: «Бірақ бұл жерде ұтатыныны түлектердің өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтайды. Егер де өзін жақсы жағынан көрсетсе, ынталы болса, тұрақты жұмысты болады».
Ал бұл кезде шаһардағы құл базарындағы көрініс тіпті бөлек. Осы жерден күнкөрістің қамын күйттейтіндердің саны 300-ден асып жығылады. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының сөзінше, мұндағы азаматтар «әлеуметтік бағдарлама» бойынша тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік бар. Бірақ олар мемлекеттен тағайындалатын жалақыны азырқанып, келмейді екен. Алайда мұндағылардың жауабы тіпті бөлек.
Мамандардың сөзінше, азаматтар көбінесе жұмыспен қамту орталығы туралы аз білетіндіктен мұнда келмейді. Ал, осы орталықта кәсіби білімі жоқ жандарды тегін оқытып, жұмыс тауып беруге де әзір.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pM-0fmUjDwc[/youtube]