Биыл 37 373 шымкенттік жұмыспен қамтылды

19

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Дегенмен бүгінде ұлттық жобаға нақты 37 373 адам қатысып, жоспар 111,6% орындалды.

Сонымен қатар кәсіби білім беру бойынша – 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқытуға жолданды.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше бүгінде жұмыссыз жастарға мемлекет тарапынан қолдау бар. Уақытша жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне жоғары оқу орындарының түлектері, мектепті бітіріп жұмысқа орналаса алмаған және қандай да жағдаймен жұмыссыз қалған адамдар ие.

Майя Алибжанова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілі: «Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 5338 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді: Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 146, Жастар практикасы бойынша – 2 377, Ақылы қоғамдық жұмыспен – 2 464 адам қамтылды. Сонымен қатар «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы бойынша- 304 адам , «Ұрпақтар келісім шарты» жобасымен – 21 адам , «Күміс жас» жобасы аясында 26 азамат жұмысқа тартылды «.

Сондай-ақ , 1 979 адам үшін дағдыларға онлайн-оқыту ұйымдастырылса, Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 13 138 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытылды. Ал өтеусіз негізде мемлекеттік грант 1 195 адамға берілді.