Шымкент қаласы

 

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы

Жарты жылда Шымкент қаласында 4 миллиард теңгеден астам қаржы игерілмей қалған. Басым бөлігі құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласына қатысты. Нәтижесінде аз уақыт ішінде осы ақшаларды игеру шаһардағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

Мәселен, бір айда бюджеттің 5.4 млрд теңгесін игеру қажет болса, енді оған игерілмеген 4 млрд теңгені қосқанда екі есеге өсіп, 12.3 млрд теңгені игеру қажет болады. Ол әрине үлкен мәселе.

Алты айдың қорытындысы бойынша қала бюджетінің кірісі 113 пайызға орындалып, 16.4 млрд теңгені құрады. Ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Кіріс көздерінің резервтері әлі баршылық – 733 млн теңге кіріс көзі орындалмаған.

Шымкент қаласы 2013 жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде жіберген кемшіліктерді жоюы тиіс. Ол 136 млн теңге, сондай-ақ 2012 жылы шығынмен шыққан «Қуат жылу орталығы», «ЛТД тұрмыс» және «спорт сарайының», яғни 3 мекеменің 400 млн-ға жуық қаражаттын қордалануын талдау қажет.