Кеңес беру орталығының көмегіне кезкелген жас жүгіне алады
Кеңес беру орталығының көмегіне кезкелген жас жүгіне алады
Кеңес беру орталығының көмегіне кезкелген жас жүгіне алады

Орталық Бекжан автовакзалында ашылды. «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының оңтүстіктегі филиалы және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастыруымен ашылған орталық жұмысы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, психологиялық кеңес беріп, кәсібін дөңлелетуі үшін және мемлекетті жастарға арналған түрлі бағдарламаларды түсіндіруді көздейді.

Әзірге орталық көмегіне 70-тен астам жас жүгінген. Қалаға келгендер алдымен осында бас сұғатынын ескеріп, орталық та базардың ішінен ашылып отыр.

Жұмысы таңғы 10-00 ден 12-00 ге дейін және 15-00 ден кешкі 17-00 ге дейін жалғаспақ. «Жастар- ауылға» жобасы бойынша әр аудан орталығында мобильдік топтар да іске кірісіпті.

Белсенді жастар әсіресе кәсібін дөңгелетуге ниеттенген жасатрды қолдамақ. Жақын күндері оларға несие алу, жол сілтеу мақсатында жасотандықтар Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен мемарандумға да отырмақ.

Жоба осы жылдың аяғы, яғни желтоқсанға дейін жалғасады. Егер нәтиже болса келесі жылы да кеңес беру орталығы жұмысын жалғастырады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jSsHk6aEhh8[/youtube]