Жастар «Ардагерлерді ардақтайық» шарасын өткізді

719

«NurOtan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шымкент қалалық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында шара өткізілді.

Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен ата-бабаларымыздың бізге қалдырған тәуелсіздікті қадірлей отырып, жастардың патириоттық сезімін ояту.
Аталған шарада Абай саябағындағы батырларға арналған ескерткіштерді, мемориалдарды, обелискілердің аумағын, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы батырының есімі берілген Бауыржан Момышұлы ескерткішін, көшелерді, даңғылдарды тазартты.

Оған қаладағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарының 30-дан астам жастар қатысып, белсенділік танытты. Шара соңында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Арман Алибеков тазалық жұмыстарына қатысушы жастарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырды.

«Қаһарман даңғылы» акциясы бойынша, әдеттегі сенбілік мақсатында емес. Тазартып жатқан көшелердің барлығы да батырларымыздың атымен аталған. Біз – жастар өз қаһармандарымызды ұмытпауымыз керек», – деді «Жас Отан» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы төрағасы Арман Алибеков.

Жасотандықтар үшін бұл бір күндік акция емес. Бірнеше жыл бойы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын қолға алып, еліміздің барлық аймағында тұратын ардагерлерге жыл бойы көмек көрсетіп келеді. Барлығы егде жаста болғандықтан, көбіне үй шаруашылығын өздері атқара алмайды. Мұндайда сол аймақтың белсенді жастары үйлері мен ауласын жинастырып, қол ұшын созуға дайын.