Биыл Қазақстандықтар Құрбан айтта бар болғаны бір күн демалады. Өйткені, мереке 15 қазан, сейсенбі күніне тура келеді. Бұл туралы үкіметтің Egov.kz порталында жарияланды.
Естеріңізге саламыз, ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айттың тек бірінші күні демалыс күні ретінде бекітілген. Ал демалыс күндері сенбі не жексенбі күніне тура келсе, басқа күнге ауыстырылады.
Құрбан шалу дәстүрі – Ибраһим пайғамбардан қалған сүннет. Ол хижри жыл санауы бойынша, он екінші айдың оныншы күніне тура келеді, яғни, Рамазан айт мерекесінен кейін 70 күн өткенде тойланады.