№10 жекпе-жек спорты мектебінің ұжымы палуанды құттықтады

Қытайда Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті. Палуандар бөз кілемнің төріне шықпас бұрын қазақтың өзге де ұлттық ойындары насихаттады. Спорт алаңына шабандоздарымыз шығып, көкпар тартты.  Сондай-ақ, түйе үстінде де ептілер анықталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zWE86jCqnVU[/youtube]

Сайыста 10 елдің палуандары сынға түсті. Олардың арасында жерлестерімізде бар. Оңтүстіктен барған Әділжан Ыстыбаев 66 келіде мықтылық танытты. Барлық қарсыласының жауырын жерге тигізген жерлесіміз ақтық сында алаң қожайынымен белдесіп, одан да басым түсті.

№10 жекпе-жек спорты мектебінің ұжымы палуанды құттықтады
№10 жекпе-жек спорты мектебінің ұжымы палуанды құттықтады

Азия чемпионын шымкенттіктер де арнайы қарсы алды. №10 жекпе-жек спортының мектебінің басшылығы палуанға алдағы Әлем чемпионатында да үміт артатынын алға тартты.

Мұрат Қыпшақбаев, №10 жекпе-жек спорт түрлері мектебінің директоры: «Біз Әділжанға сенім артып отырмыз. Германияда өтетін Әлем чемпионатында ол алтыннан алқа тағып, ел туын биікке көтереді деп үміттенеміз. Оған дейін уақыт бар. Ал қазіргі таңда Әділжан оқу-жаттығу жиындарында шеберлігін шыңдайды.»

Келесі жылдан бастап Әділжан салмағын өзгертіп, түйе палуандардың қатарын толықтырмақ. Жерлесіміз содан кейін Қазақстан барысы атағы үшін де таласқа түсетініне сенімді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9-Ukc-Yp8zo[/youtube]