Шымкентте еліміздің үздік 170 мергені садақ атты

Шымкенттің биыл ғана ашылған садақ ату орталығында алғашқы ірі жарыс өтті. Бір апта бойында еліміздің үздік 170 мергені өзара чемпиондарын анықтауға тырысып, Қазақстанның Кубогін сарапқа салды.

Шымкентте еліміздің үздік 170 мергені садақ атты
Шымкентте еліміздің үздік 170 мергені садақ атты

Қыздар арасында шымкенттік спортшы Луиза Сайдиева жарыс жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты. Бұл жолы жерлесіміз өзінің басты қарсыласы — Анастасия Туркинаны ұпай саны бойынша артқа қалдырып кетті.  Ал ерлер арасында Оңтүстік жігіттерін талдықорғандық Денис Ганкин басып озды. Ол жарыс бойында 1315 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

 Денис Ганкин, ҚР Кубогінің жеңімпазы: «Шымкентке келіп, алаң қожайындарынан басым түсудің оңай емесі анық. Алайда, жыл бойындағы дайындығым жемісін берді деп ойлаймын. Қарсыластарым да осал еместігін байқатты. Дегенмен, жеңіске жеткеніме дән ризамын.»

Қыздар арасында оңтүстіктің спортшылары топты жарды
Ерлер арасында шымкенттіктер топты жара алмады

Жекелей сынақтан кейін командалық есепте «Микс» бағдарламасы бойынша үздіктер анықталды. Бұл жолғы сайыстың жеңімпаз атанғандары енді Әлем чемпионатына дайындалады. Оған дейін де мергендер бапкердің көзіне түсіп, жаттығуларда ептілік танытуы тиіс.