Ұлыбританиядан Австралияға дейін. Англияның екі азаматы осы бағытта жаяу саяхаттап жүр. Арджун мен Киран әлемді жаяу айналып шығуға бір жыл бойына дайындалыпты. Ақша мен қажетті киім-кешекті қамдап алыпты. Содан бері жылдан астам уақыт жолда жүр. Қазақстан аумағында жаяу шарлап жүргендеріне де 5 ай болыпты.
Ағылшындар Атырау мен Шымкент аралығын кезіп келеді. Енді Таразға қарай бет алды. Содан кейін Қырғызстан асып, Бішкекке жол тарпақ. Саяхатшылар жол бойында жақсы адамдардың жиі жолыққанын айтады. Қолдарынан келген көмегін аямаған қазақстандықтар саяхатшыға қол ұшын берген. Еліміздің аумағында қазақтың ұлттық тағамжарынан дәм тарқан олар бесбармаққа тәнті болып жүр.
Арджун мен Киран өздерімен бірге шатырлары мен жатын қаптарын да арқалап алыпты. Саяхатшылар ұялы телефондары мен ноутбуктарының батареяларын күн сәулесімен қуаттандырады. Алдағы уақытта дүние жүзін жаяулатып саяхаттап жүрген қос ағылшындықтың соңғы аялдамасы Австралия болмақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yLkVa5tLwq8[/youtube]