Қаржы бөлінбесе, Леңгір-Шымкент тасжолы ашылмауы мүмкін

Тасжолдың тас-талқаны шыққан

Төле би ауданының тұрғындары билік басындағылардан қолдау күтеді. Себебі, ерте көктемде басталған Леңгір -Шымкент тасжолының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Тұрғындарды әбден мезі етіп бітті. Соның салдарынан ауданнан қалаға және кері қарай халықтың қатынауы қиынға түсіп отыр.

Тасжолдың тас-талқаны шыққан
Тасжолдың тас-талқаны шыққан

Негізі, ұзындығы он жеті шақырым жолды «Береке» корпорациясы үш жыл мерзімге алған. 2013 жылға бөлінген қаражат тек бес шақырым жолды жаңалауға ғана жетіпті. Енді қаржының жетіспеушіліген жұмыс тоқтап тұр.

 Анармет Сартаев, Сұлтан Рабат ауылының тұрғыны:  «Әскери заставаға, шипажайға, 15-20 елдімекенге халық осы жол арқылы қатынайды. Бір үлкен машина өтсе, көшенің арғы беті көрінбей қалады. Еккен бақшамызға шаң-тозаң желімдей жабысып қалған. Далаға отырып, шәй ішуден қалдық.»

Қапалбай Мырзақұлов,  1- мамыр ауылының  тұрғыны:  «Биылға қаржы неге көбірек бөлінбеген?  Жарты жолда белден тоқтатып, халық үшін басталған тірлік неге аяғына дейін жетпей отыр!? Енді 1-2 айдан кейін жауын-шашын басталады да тірлік тағы тоқтайды.»

Ауылдағы ағайынның айтуынша, оқушылардың жол жиегіндегі мектептерге жетуі мұңға айналған. Сондықтан олар тасжолға жаяу жүргіншілердің жолағын белгілеп берсе деген ұсыныс айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=if8sVcJR7Gc[/youtube]

Негізі, жолды жөндеу жұмыстары үш жылда аяқталуы тиіс. Ауқымы кең тоғыз жолдың торабына жыл сайын тиісті сомада ақша бөлу қарастырылған.

Абдулла Мұстафаев, «Береке-А» корпорациясы» ЖШС директорының орынбасары: «Жобаның барлық құны — 1 836 800 теңге. Ал биыл 5 шақырымды жөндеуге бөлінген ақшаға қарамай, біз жұмысты артығымен орындап, 5 шақырым 400 метр жерге жол салдық. Алайда, қаржы тапшылығынан қазір жұмыс тоқтап тұр.»

Қарамағында 600 техникасы бар корпорация өкілдері жоғарыдан қаржы бөлінсе, күн-түн демей тұрғындардың уәжін орындауға сақадай-саймыз дейді. Ол үшін жолдың бір қабатын төсеуге шамамен 300 миллион теңге қосымша қаражат қаражат керек.