«Автонұр» базары қайта жөндеуден өтеді

87

Қолданыстағы базарлар қазіргі заман талабына сай болуы керек. Осы мақсатта Шымкенттегі халық көп баратын «Автонұр» базарында жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков айтты.

Бүгінде ретсіз сауда орындары қала көркіне нұқсан келтіріп тұр. Аудан әкімі базар маңындағы ығы-жығы қозғалыс тұрғындардың еркін жүріп-тұруына кедергі жасайтынын алға тартып, бұл бағытта тиісті жұмыстардың басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ автотұрақ салу мәселесі де назарымызда деп отыр.

Боранбай БОЛАТБЕКОВ, Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі:

«Сыртқа шығып кететін жерді біз уақытша базарға сенімді басқаруға береміз. Ол кісілерде сыртта сауда болмайды. Бәрін ішіне кіргізеді. Бірақ жаңағы орынды жалға беру ақысын төмен түсіріп, жағдайын тауып, ішіне кіргізеді. Біздің бір талабымыз мынандай болды: сыртқы автотұраққа дейін 1-2 тұрақ тегін болсын халыққа. Аяқ жол жүретін ашық болсын. Біздің тарапымыздан ағаш отырғызу, ол жерді безендіру жұмыстары жүргізіледі. Сонда базар иесінен сауда орны сыртқа шықпасын деп сұраймыз.»

Айта кетейік, қалада жалпы саны 30 базар бар. Оның ішінде 13 базар әмбебап, қалғаны мамандандырылған сауда орындары болып есептеледі. Қазіргі таңда жалпы 14 базарда реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автор: Лаура Бабас