Қазақстандық көкпаршылар — Азия чемпионы!

683
Ұлттық құраманың сапында Оңтүстіктің төрт шабандозы да бар

Елордамыз Астанада көкпардан Азия чемпионаты өтті.  Бұл жолы айтулы тартысқа сегіз елдің шабандоздары қатысты.

Ұлттық құраманың сапында Оңтүстіктің төрт шабандозы да бар
Ұлттық құраманың сапында Оңтүстіктің төрт шабандозы да бар

Қазақстанның намысын жыртқан көкпаршылар арасында шымкенттік шабандоздар да бар. Олар — Бактыбай Шырынқұлов, Темірхан Айтбаев, Нұржігіт Мырзабаев және Еркебай Омарбек. Бақтыбай Шырынқұлов — команда капитаны. Отандық құрама екі ойын өткізіп, алғашқысында Тәжікстанды 9-3 есебімен жеңсе, кейіннен ресейліктерді 16-1 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін Қазақтың жігіттері моңғол көкпаршыларынан да басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.

Ақтық сында салынған 6 салымның 4-і оңтүстік саңлақтарының еншісінде
Ақтық сында салынған 6 салымның 4-і оңтүстік саңлақтарының еншісінде

Шешуші кездесуде көкпаршыларымыз қырғызстандық қарсыластарын ойсырата жеңіп, Азия чемпионы атанды. Айта кету керек, ақтық сотта салынған 6 салымның 4-і біздің жерлестеріміздің еншісінде.