Қоқыс өмірге қауіп төндірді

№23 мектептің жанында жаяу жүргіншіге жол жоқ
№23 мектептің жанында жаяу жүргіншіге жол жоқ
№23 мектептің жанында жаяу жүргіншіге жол жоқ

Сәлеметсіздер ме!! Менің айтайын дегенім, Байтіленов көшесінде орналаскан қоқыс жәшігі жайлы еді.

Қоқыс жәшігі №23 мектептің жанында, тура жаяу жүргіншілер жолында орналасқан. Сондықтан, маңынан өткен адам көлік жүретін жолмен жүруге мәжбүр. Ал онда сабылып жатқан көлік көп.

Бұл жолмен ересек түгіл балалар әрең өтеді. Ал күзгі уақытта, жауын басталғанда тіптен қиын. Көліктер суын шашып жүйткіп зәре құтымызды алып, жаныңнан өте шығады.

Осы мәселені назарларыңызға алсаңыздар. Алдын-ала сіздерге рахмет.