«Әйелдің айлакерлігі»

312
Бай-бағланның әйел айласына түсуі

Алушы жеңе ме, аңдушы жеңе ме? Облыстық өзбек театры қоғамдағы осындай көрініске негізделген «Айлакер» комедиясын көрерменге ұсынды. Шығарма өзбекстандық Зулқұмар Салиев шығармасының негізінде сахналанған. Қойылымның басты кейіпкері — Мохира шаңырағын сақтап қалу үшін амалсыз айла мен қулыққа барады. Актриса басты рөлді сомдаудың өзіндік қиындығы болғанын жасырмады.

Бай-бағлан қыздың айлалы қақпанына түсті
Бай-бағлан қыздың айлалы қақпанына түсті

Дилдора Холметова, актриса: «Күліп отырып, жылау, жылап отырып, күлу, мимиканы бірден өзгерту — өте қиын болды. Әрине, образға ену оңай емес. Бірақ, білім мен біліктілігімнің арқасында көрермен жүрегіне жол  табамын деген үмітім бар.»

Бес кейіпкердің күнделікті өмірі арқылы суреттелетін мұндай қойылым кемде-кем. Оған қоса өзіндік күрделіліктері де бар. Режиссер осылай дейді. Қойылымда әжуа етілген екіжүзділік, құлық-сұмдық бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған. Жалпы, екі ай бойы дайындалған қойылым көрермен көңілінен шықты деуге болады.

 Комалиддин Райымқұлов, қоюшы режиссер: «Бұл пьеса күні бүгін де өзекті. Негізгі маңызын сақтай отырып, аздап өзгерттік. Қойылымдағы екі кейіпкер өздеріне жүктелген жауапкершілікті жақсы алып шықты. Оны көрермендердің қабылдауынан-ақ байқауға болады. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін қаншама жан кәсіпкерлікпен айналысамын деп, шаңырақтарынан да айырылған жоқ па? Бұл қойылымда осындай бір қиын сәтте өзінің айлакерлігімен әкесін құтқарып қалған қыздың ерлігі көрсетіледі.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SQmZkQGO68A[/youtube]

Айта кету керек, қойылым — осы театрдың жас режиссері Камолиддин Райымқұловтың тырнақалды туындысы. Режиссер демеушілер табылса, пьеса негізінде қазақ-орыс тілінде фильм түсіруді де жоспарлап отыр.

Бұл қойылым — театрдың 51-ші сахналық көрінісі. Сондай-ақ, қазақ драматургиясының «Бала мен қайыршы», «Үйлену», Дулат Исабеков пен Әлібек Файзуллаевтың шығармалары да сахналанған. Алдағы уақытта өнер ұжымы аптасына ересектерге арналған 5, ал балаларға арналған 1-2 спектакль ұсынбақ.