Өзбек театры аналарды құттықтады

367
Өзбек театрының ысқақшылары

Бәрі де арулар үшін! 8-наурыз мерекесінде облыс бойынша түрлі мерекелік шаралар өтті. Соның бірін облыстық өзбек мәдени орталығы мен Сайрам театры ұйымдастырды. Қызметкерлер қыз-келіншектерге арналған мерекелік концерт тарту етіп, Әз-көктемнің шуақты күніндей құлпырған қыздар мен аналарды құттықтады.

Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде өткен шара барысында сатира-сықақшылары бүгінгі күнгі әйелдердің тыныс-тіршіліктерін әзілмен де көрсете білді. Бұл мереке қарсаңындағы көңіл-күйді көтеру мақсатында ұйымдастырылған кеш болатын.

Өзбек театры аналарды құттықтады
Өзбек театрының сықақшылары

Икрамжан Хашимжанов, облыстық өзбек драма театрының директоры: «Бүгінгі шараның мақсаты – қарындас, әйелдер мен аналарымызды мерекелерімен құттықтау. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді. Сондықтан да шаңырағымыздың беріктігі мен жылулығын ұстап тұрған әйелдер қауымы қашан да аман болсын!»