Бүгінгі күнге дейінгі мәліметтер бойынша облыста 44 мың тонна ақ алтын терілді. Оңтүстіктің диқандары биыл егіс аумағының қысқартылғанына қарамастан, мақтаны көп жинауды жоспарлап отыр. ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағандай, қазан айының соңына дейін диқандар 370 мың тонна мақта жинауды меже тұтуда. Бұл — өткен жылғыдан әлдеқайда көп көрсеткіш. Мәселен, былтыр 257 мың тонна шикізат жиналған болатын. Ал егіс аумағының көлемі 4 мың гектарға артық болатын. Биыл мақта 140 мың гектар аумаққа егілген.