Жылу маусымы жақындап келеді

Шымкент қаласы тұрғындарының 30 пайызы қысты жылусыз өткізу қаупі бар. Жылыту маусымына қызу кіріскен «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметкерлері борышкер тұтынушылардың үйлерін көгілдір отыннан ажыратуды бастады. «Ескертулерге құлақ аспаған тұрғындарға қолдан келер шарамыз» осы дейді мамандар.

Жылу маусымы жақындап келеді
Жылу маусымы жақындап келеді

Борышкерлерге қарызды төлеуі туралы түбіртекпен де, телефонмен де ескертілген. Бірақ, ескертудің ешбірі еленбепті. Қарызы барлар – қаладағы абоненттердің 32 пайызын құрайды. Енді олар көгілдір отыннан ажыратылды. Одан кейін берешегінен бөлек тағы да 20 мың теңгеден астам төлем жасауына тура келеді. Табиғи газдың берешегін айтпағанда, тұтынушылардың арасында «ҚазТранс Аймақтан» қарызға алған жылыту қазандықтарының да ақшасын төлемей отырғандар бар көрінеді. Ендігі жерде сала мамандары олардың да мәселесін майшаммен қарамақ. Қыстың қыр астына кеп қалғанын ескерсек, тиісті төлем жасамағандар күн суықта көгілдір отын жүйесінен ажыратылуы мүмкін екенін қаперінде ұстаса дейді мамандар.