Алдардың қулығы.....

Таққа құмарлық, қомағайлық – бүгінгі қоғамның да басты ауруына айналған мәселе. Қойылымда бұл мәселе Шығайбайлардың іс-әрекеті арқылы көрініс тапқан. Таққа қатты бауыр басып қалған хан оған доңғалақ орнатып, қайда барса да тағынан түспейді. Алдар көсе комедиясы қырғыз драматургы Тоқболат Абдумомыновтың пьесасымен сахналанды.

Алдардың қулығы.....
Қойылым үзіндісі

Басты рөлдегі Алдар көсені театрдың жас әртісі Айдархан Боранбаев сомдады. Айтуынша, бұл салаға келемін деген ойы да болмапты. Әкесі ұлының әртіс болғанын қалап, қалаға алып келген. Өнерге қызыққаны сонша, ұлдарының бірі осы жолда жүрсе деген ниетпен Айдархан 11-сыныпты бітірген соң М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не құжаттарын тапсыртқан.

Қойылымда басқа рөлдерді сатира жанрындағы белгілі әртістер сомдады. Көпке танымал сатирик – Уәлибек Әбдірайымов сомдаған ханның бейнесі мен Жүсіп Ақшораевтың «Шық бермес, Шығайбай» образы шынайылығымен көрерменнің көңілінде қалды.

Репертуарында 20 жуық пьесасы бар театрдың комедиялық қойылымдары қаламыздағы орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында да көрсету жоспарлануда. Жалпы, өнер шаңырағының ұжымы аптасына 2 комедия және Еуропаның шығармаларын көрерменге тарту етпек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wZheu1DwsW8[/youtube]