«Наурызнама» қойылымы алғаш рет сахналанды

440
Алдар көсенің ұялы телефонфна қыздардың таңдануы

Сатира театрының қоржыны жаңа қойылыммен толықты. Әзіл-ысқақ және сатрира театры «Наурызнама» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Театр актері Самат Алтайдың шығармасы негізінде сахналанған қойылымда баяғы Тазша бала мен Алдар көсе бар.

Алдар көсенің ұялы телефонфна қыздардың таңдануы

Қойылымның басты идеясы – бір біріне жат боп бара жатқан бүгінгі қоғамдағы адамдардың әрекеті. Оны режиссер қазақ фольклорының белді қаһармандары Алдар көсе мен Тазша баланың әжуасы арқылы жеткізуді жөн көріпті. Күйбең тірліктің қамымен жүріп, адами құндылықтарды көнертіп алған адамзаттың ұятына тиіп, әзімен жеткізді. Сценарий авторының мақсаты да осы еді.

 Тоғжан Омарова, көрермен: «Өте қызық, жаңаша қойылым. Өзім үшін ежелгі қазақ мәдениетіндегі көптеген құндылықтарды білдім. Мысалы, осы күнге дейін «Байдамша» сөзін алғаш естуім. Бұл сөздің мағынасы отырып қалған қызды атауы екен. Осындай құндылықтар әзілмен жеткізілді.»

 Қойылым авторы бүгінгі көрерменнің көп уақытын алатын сериалдардан үзінділерді де ұтымды пайдаланыпты. Сахна жанындағы экранда пьесаның басты кейіпкерлері мен сабындай көпірген көп телехикая кейіпкерлері араласып кетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=F4YUzrzRwx0[/youtube]

Самат Алтай, «Наурызнама» қойылымының режиссері:» Біз осы күнге дейін Наурыз мерекесін тойлау керегін білеміз де бірақ оның нақты формасын біле бермейміз. Содан кейін осы уақытқа дейін бірде-бір драматург бұл тақырыпқа қалам тербетпеген. Біздің мақсат – осының барлығын жаңғырту болып табылады. Мұнымен біз жаңалық ашайын деп отырған жоқпыз. Тек сол құндылықтарды бүгінгі күннің тіршілігіне енгізу.»

Мұндай жаңаша әдіс көрерменге тақырып пен кейіпкерлер образын кең ауқымда тамашалауға мүмкіндік береді. Оқиға желісі бойынша бұл екі кейіпкер бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіне бейімделіп, өмір сүруі тиіс. Алдағы уақытта сатира әзіл-ысқақшылары көрермендерін күлкіге бөлеу үшін айына 2-3 қойылым қоюды жоспарлап отыр.