Оңтүстікке өнер көрсетуге келген Варшава циркінің ұжымы бүлдіршіндеріне тегін қойылым көрсетті. Қайырымдылық шара ретінде ұйымдастырылған қойылымды облысымыздың барлық өңірлерінен келген балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған жанұядағы бүлдіршіндер тамашалады.
Сахна шымылдығын «Танзания boys» тобы түрді. Төрт жігіт кішкентай көрермендерге акробатика секілді цирк өнерінің ең негізгі жанрын ұсынды. Сондай-ақ, балақайлар манежде өнер көрсеткен аң-құстар, сайқымазақтар мен маймылдардың қылықтарына да мәз-мейрам болды. Әсіресе, түйелер мен пілдердің өнері бүлдіпшіндердің назарын аудартты.
Бұл күні 1200 адам сиятын цирк ғимаратында бос орын болмады. «Оңтүстік Цирк» мекемесінің басшысы Сұлтан Сраиловтың айтуынша, қала тұрғындарының өтініші бойынша Варшава циркінің гастрольдік сапары тағы да бір аптаға созылыпты. Осы бір апта ішінде шетелдік өнер ұжымы қала мектептерінің оқушылары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне және қарапайып халыққа билет құнын арзандатып ұсынып отыр екен. Поляктар шырайлы Шымқаланың қонақжайлылығына тәнті болып, келесі жылы жаңа бағдарламамен келуді жоспарлап та қойғандарын айтады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZZYwCj6mSG4[/youtube]